Еліміздегі кәсіпкерлердің әрбір екіншісі – әйел - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі кәсіпкерлердің әрбір екіншісі – әйел

01.07.2015
Еліміздегі кәсіпкерлердің әрбір екіншісі – әйел

Мұндай мәлімет Астанада өтіп жатқан іскер әйелдер кеңесінің І конгресінде айтылды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған шараға еліміздің барлық өңіріндегі іскер қыз-келіншектер қатысты.

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының бастамасымен жүргізіліп отырған бағдарламалардың қай-қайсысын да әйелдердің қатысуынсыз іске асыру мүмкін еместігін айтып, олардың алдына бірқатар міндет қойды.

Ел бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің 41,5 пайызын осы қыз-келіншектер басқарады. Өткен жылы іскер азаматшалар мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіпті.

Жиында кәсіпкер әйелдердің іскерлік әріптестігін республикалық және өңірлік деңгейде одан әрі дамыту жолдары талқыланды.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу