Әлемдегі озық 30 ел: Канада - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі озық 30 ел: Канада

30.06.2015
Әлемдегі озық 30 ел: Канада

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы әлемдегі ең дамыған 30 ел туралы ақпарат беруді жалғастырады.

Канада халқының әл-ауқаты жағынан әлемдегі ең алдыңғы 7 елдің бірі саналады. Әлемдік сауда айналымы жағынан алғашқы ондыққа кіреді.

Елдің экономикалық секторын үлкен жетістікке жеткізіп отырған - тау-кен өндірісі, мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салалары.

Мырыш пен уран, сондай-ақ, алтын, никель сынды бағалы металдар Канадада көптеп өндіріледі. Алмаз өндіруден әлемде екінші орын алады.

Қазақстан бұл елмен Тәуелсіздік алған жылдардан бастап байланыста. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу