Қазақстан биыл Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтетіндігіне үміт артады. Бүгін Астанада өтіп жатқан Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
Елбасы өз сөзінде Қазақстан құрамына Ресей мен Беларусь Республикасына кіретін Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар қазіргі уақытта Кеден одағы жұмыс істеп жатқандығын әрі оның еліміз үшін мол табыс әкеп отырғандығын айтты.