Ресейдің Жоғары экономика мектебі сарапшыларының пікірінше, 2014 жылдың соңына қарай рубльдің құны 20 пайызға төмендемек. Тек қаңтар айының өзінде Ресей валютасы 3 пайызға құнсызданған.
Мамандардың пікірінше, рубль бағамының төмендеуіне долларды сатып алу көрсеткішінің өсуі себеп. Экономика мектебінің статистикасына сай, өткен жылы халық 3 миллиард доллар сатып алған.
Сарапшылар рубль құнының төмендеуі – бағаның өсуіне, импорт көлемі мен кірістің азаюына әкеледі, деген болжам айтуда.