Танымал режиссер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сатыбалды Нарымбетов жақында «Аманат» атты фильм түсірген болатын.
Осы фильмнің қалай дүниеге келгені туралы режиссер: «Осыдан 2-3 жыл бұрын ауылдан жиенім келді. Шай үстінде сұрақ-жауап өрбіді. Оның да сұрақтары таусылар емес. Сосын өзіне сұрақ қойдым. Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Амангелді Иманов сынды тағы біраз тұлғаларды айтып ем, балам үнсіз қалды. Оларды білмейді екен. Мен қапаланып қалдым. Өйткені егемен ел болдық. Ал балаларымыз тарихты білмейді. Осыдан кейін соңғы 5-6 жылдың ішінде тарих мені өзіне күрт бұрып алды. Бір жарым жылдай Ермұхан Бекмаханов ағамыздың мұрағаттарын ақтардым. Содан кейін барып, фильмді Қапшағайдың маңайында екі жарым айдай түсірдік».
«Фильмде Ермұхан Бекмахановтың өмірі, азаматтық қыры, өскен ортасы, сосын сталиндік жүйе көрініс тапқан. Басты рөлді актер Берік Айтжанов сомдады. Фильмді көрермен күзгі салым тамашалай алады»,-дейді режиссер.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.