Бейжіңде Азия инфрақұрылымдық инвестициялық банкін құру туралы соңғы келісімге қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңде Азия инфрақұрылымдық инвестициялық банкін құру туралы соңғы келісімге қол қойылды

30.06.2015
Бейжіңде Азия инфрақұрылымдық  инвестициялық банкін құру туралы соңғы келісімге қол қойылды

Бейжіңде Азия инфрақұрылымдық инвестициялық банкін құру туралы соңғы келісімге қол қойылды. Ресми шараға банкке құрылтайшы болуға ниет білдірген 57 мемлекеттің өкілдері қатысты.

Азия инфрақұрылымдық инвестициялық банкін құру идеясын алғаш болып  қолдаған 22 мемлекеттің ішінде Қазақстан да бар. Банктың штаб-пәтері Бейжіңде.

Қаржылық ұйымды құру келісімі бойынша оның директоры тек Азия мемлекеттерінің өкілдерінен іріктелініп, бесжылдық мерзімге сайланады.

Банктың негізгі жұмысы Азия кеңістігіндегі көлемді инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталған.

 

Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу