«Ертіс» командасының бас жаттықтырушысы Тармо Рюютли отставкаға кетті. Енді команданың бас жаттықтырушысы міндетін атқару Ойрат Сәдуовке ұсынылып отыр. Бұл туралы команданың пресс-атташесі Мұхит Омаров мәлімдеді.
Еске сала кетейік, тоғыз турдан соң павлодарлық команда турнирлік кестенің 10-шы орнына тұрақтады.
sports.kz