«Қазақстан барысы» республикалық турнирінде екі палуан елорда намысын қорғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан барысы» республикалық турнирінде екі палуан елорда намысын қорғайды

01.05.2014
«Қазақстан барысы» республикалық турнирінде екі палуан елорда намысын қорғайды
29 сәуір күні Астанада «Дәулет» спорт кешенінде қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы мен астаналық қазақ күрес федерациясының ұйымдастыруымен  «Қазақстан барысы» турнирінің іріктеу кезеңі - «Астана қыраны» жарысы өтті.
 
Іріктеу сайысына   кәсіби спортшылармен қатар әуесқойлар да қатысты. Қатысушылардың жалпы саны - 96 адам.
 
Басты жекпе-жектерге 32 палуан қатысты. Оның екеуі ғана «Қазақстан барысына» жолдама алды.
 
Олар - халықаралық дәрежесіндегі спорт шебері Арман Әбеуов (120 келі) пен еркін күрестен жастар арасындағы Қазақстан чемпионы, ересектер арасындағы ҚР чемпионатының жүлдегеріНұрғали Байтарақов (90 келі).
 
Жеңімпаздардың барлығы бағалы сыйлықтарға ие болды. Ең маңызды жүлде - басты бәсекеге жолдама.
 
Айта кетейік, еліміздің үздік палуандардың басын біріктіретін «Қазақстан барысы» жарысы Астана қаласында 29 маусымда өтеді.
 
 
astana.kz

Хабарламаларға жазылу