Берлинде Мұқағали Мақатаевтың неміс тілінде жарық көрген «Аққулар ұйықтағанда»атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Шара «Қазақ кітапханасы» жобасының аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды «Астана» радиосы.
Бұл шараға Германия Бундестагының депутаттары, жергілікті мемлекеттік органдарының өкілдері, зияткерлік топтар, қазақ диаспорасы және дипломатиялық корпус қатысты.