Астанада жаңа құрылыс колледжі биылғы жылы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» әкім аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан экономикасын дамыту үшін маңызды міндеттердің бірі - елдің бизнес-қоғамдастықтарының қажеттіліктеріне, индустриалдық-инновациялық сұраныстарына сәйкес ел экономикасының әртүрлі салаларының жоғары білікті, сұранысқа ие техникалық мамандарын сапалы дайындау. Астанаға қажетті техникалық мамандықтар базасын нығайту үшін қалада кәсіптік-техникалық колледждер салынуда», - делінген баспасөз хабарламасында.
Сонымен, биылғы жылы құрылыс бейіні бойынша 800 орындық колледж пайдалануға берілмек. Энергетика саласына мамандар дайындау үшін тағы бір 800 орындық колледждің құрылысы басталуда.
Айта кетейік, бүгінде Астанада 35 техникалық және кәсіптік ұйымдар бар, онда 29 859 адам білім алуда. Оның 12-сі мемлекеттік мекемелер болса, 23-і жекеменшік.
Айта кетейік, бүгінде Астанада 35 техникалық және кәсіптік ұйымдар бар, онда 29 859 адам білім алуда. Оның 12-сі мемлекеттік мекемелер болса, 23-і жекеменшік.