Қанат Ислам шаршы алаңға Құрманғазының «Адай» күйімен шықпақ ниетте - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам шаршы алаңға Құрманғазының «Адай» күйімен шықпақ ниетте

29.04.2014
Қанат Ислам шаршы алаңға Құрманғазының «Адай» күйімен шықпақ ниетте
 
Жақында ғана Эквадорда өткен кездесуде Әлем чемпионы Эмилио Хулиодан басым түскен Қанат Ислам кәсіпқой бокста WBA тұжырымы бойынша 12-орынға көтерілді.
 
«Алдымда Әлем чемпионы – америкалық Майвезер, Пакьяо, Гутто сынды мықты боксшылар тұр. Кейін осылармен кездессем деген арман бар. Себебі, мықтыны жеңбесең, мықты бола алмайсың»,-дейді ол.
 
Қанат «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт. Жаттығудан соң жаттықтырушысымен шахмат ойнағанды жақсы көреді. «Шахматтың спортқа тигізер пайдасы мол. Әр қадамыңды аңдап басуға үйретеді»,-дейді боксшы.
 
Ал спортшының ең сүйікті ісі – балаларымен серуендеу. Қолы қалт етсе, тауға барып, таза ауамен тыныстайды.
 
«Өзі ұлтжанды жігіт болғандықтан, елдің тарихын оқып жүреді. Әдеби кітаптарды көп оқиды. Қазақтың қара домбырасын да үйренгісі келеді. Ол әр қазақ домбыра шерте білуі керек деп біледі»,-дейді ҚР чемпионатының қола жүлдегері Айдос Ербосынұлы.
 
Ал боксшының өзінің айтуынша, ол болашақта шаршы алаңға Құрманғазының «Адай» күйімен шықпақ ниетте.

Хабарламаларға жазылу