Кеңес Одағын қайта тірілту мүмкін емес - Нұрсұлтан Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеңес Одағын қайта тірілту мүмкін емес - Нұрсұлтан Назарбаев

28.04.2014
Кеңес Одағын қайта тірілту мүмкін емес - Нұрсұлтан Назарбаев

Кеңес Одағын қайта тірілту мүмкін емес. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграция тақырыбына арналған дәріс оқыған ҚР Президенті осылай деді.

 

«Еуразиялық экономикалық одақ туралы сөз қозғалған кезде бірқатар сарапшылар мен саясаткерлер жұртшылықты Кеңес Одағының қайта құрылуы жөнінде алып-қашпа сөздермен үркітуде. Мұндай тұжырымдарға ешқандай негізі жоқ деп санаймын», - деді Мемлекет басшысы.

Н.Назарбаев өзінің пікіріне үш түрлі дәлел келтірді. «Біріншіден, кеңестік үлгіні жаңғыртуға ешқандай институционалдық база жоқ. Барлығы біржолата келмеске кетті. Екіншіден, посткеңестік елдер өз ерекшеліктеріне және дәстүрлеріне сай мемлекеттерін құрып алған. Үшіншіден, біздің қоғамның жекеменшік жүйесі, әлеуметтік құрылымдар мен экономикалық бағыты кеңестік заманнан әлдеқайда ұзап кеткен», - деді Президент.

Жайнагүл ТӨЛЕМІС

Хабарламаларға жазылу