Солтүстік Қазақстан облысы: Үйір жылқыларға GPS-навигатор жүйесі енгізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысы: Үйір жылқыларға GPS-навигатор жүйесі енгізілмек

25.04.2014
Солтүстік Қазақстан облысы: Үйір жылқыларға GPS-навигатор жүйесі енгізілмек
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері ірі шаруа қожалықтарына өздерінің иелігіндегі жылқыларға GPS-навигатор жүйесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлердің пікірінше, бұл ұсыныс өңірдегі мал ұрлығының азаюына ықпал етпек.
 
«Электронды мәліметтер базасын құру -  мал ұрлығын болдырмаудың тек бастамасы ғана. Ал негізгі  мәселе - жылқы малының үнемі жайылымда болатыны. Жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты 49 оқиға тіркелді», - деді Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің  Криминалды полиция басқармасының басшысы Әсет Жүкенов.
 
Қазіргі уақытта қожалық иелерімен малдарының қай аумақта жүргенін анықтауға мүмкіндік беретін электронды жүйені қосу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жануарлар жоғалған жағдайда фотосуреттер мен өзіне ғана тән ерекшелігі олардың жылдам табылуына ықпал ететін болады.

Хабарламаларға жазылу