Астанада көліктерге шегелі дөңгелектерді пайдалануға тыйым салынуы мүмкін.
«Біріншіден, жерасты сулары, екіншіден,қазір қалада 1300 ірі нысан салынуда. Қалада 700 бетонараластырғыш көліктер жүруде. Бұл - жылына 200 миллион рейс жасайтын көлемді көліктер. Сондай-ақ, қысы-жазы кірпіш, тақта таситын басқа да 400 мың үлкен көліктер тағы бар. Шегелі дөңгелегі бар көліктер алты ай қыста бір сантиметр асфальтті сызып тастайды. Европада мұндай дөңгелектер мүлдем қолданылмайды»,-деді Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов Мемлекет басшысына елорданы дамыту жөніндегі кеңесте.
«Шегелі дөңгелектер асфальттың беткі қабатын бүлдіретіні дәлелденген дүние ме», деп сұрады Президент. «Иә, дәлелденген»,-деді Астана әкімі. «Ендеше бұл мәселені ақылдасып, мәслихат арқылы шешім қабылдаңыздар»,-деді Елбасы.