«Балапан» телеарнасы тікелей эфирге шығатын «Ойлан, тап!» атты жаңа бағдарламаның тұсауын кесті. Бағдарлама викториналық сұрақ-жауап түрінде өтеді. Хабарды 13-14 жастағыбалалар жүргізеді.
Бағдарлама барысында тікелей эфир телефонына хабарласқан балаларға викториналық сұрақтар қойылады. Әр бағдарлама соңында «Ойлан, тап!» жеңімпаздары анықталып, оларға арнайы сыйлықтар беріледі. Бағдарламаға «Балапан» телеарнасының кез-келген көрермені қатыса алады.
«Ойлан, тап!» жобасы дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 12:15-те эфирге шығады. Тікелей эфир телефондары: 8 (7172) 559-777, 559-888. |