Тамара Дүйсенова - «Халықтың көшi-қон мәселелерi туралы» Заңның талаптары жеңілдетілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамара Дүйсенова - «Халықтың көшi-қон мәселелерi туралы» Заңның талаптары жеңілдетілмек

22.04.2014
Тамара Дүйсенова - «Халықтың көшi-қон мәселелерi туралы» Заңның талаптары жеңілдетілмек
«Халықтың көшi-қон мәселелерi туралы» Заңның көптеген аспектiлерi қайта қарастырылып, жеңiлдетiлдi. Бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова осылай деді.
 
Министрдің айтуынша,  ендi оралмандар қоныстанатын аймақтарын өздерi таңдайды. Үкiмет еңбек ресурстары жеткiлiксiз аймақтарды анықтап, толық ақпарат ұсынып отырады. Сондай-ақ, оларға Үкiмет тарапынан  әлеуметтiк пакеттер ұсынылады.
 
Оның iшiнде жолға кеткен шығын өтелiп, жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады. Сол арқылы жалға алған үйдi 5 жылдың iшiнде өздерiнiң меншiгiне аударуға мүмкiндiк алмақ. 
 
Екiншiден, этникалық қазақтар бiр жылдың iшiнде Қазақстан азаматтығына қол жеткiзетiн болады. 
 
Еңбек министрлiгiнiң  мәлiметтерiне сәйкес, 1991 жылдан берi Қазақстан 994 мың оралманды қабылдап үлгерген. Қазiргi уақытта олар жалпы халық санының 5,5 пайызын құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу