Өрмекші-адам қазақша сөйледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өрмекші-адам қазақша сөйледі

22.04.2014
Өрмекші-адам қазақша сөйледі
Астанада «Нұр Отан» партиясының қолдауымен қазақ тілін үйренуді дәріптеу аясында «Жаңа өрмекші-адам: Кернеген қуат» фильмнің алдын-ала көрсетілімі ұйымдастырылды.
 
Қазақ тілін дәріптеу бойынша атқарылып жатқан кешенді шараларды орындау шеңберінде және мемлекеттік тілді үйренуде заманауи мультимедиялық жағдай жасау үшін «Болашақ» қауымдастығы осымен төртінші жыл қатарынан рейтингісі жоғары, танымал фильмдерді аудару бойынша жобаларды жүзеге асыруда, деп хабарлайды аталмыш қауымдастықтың баспасөз қызметінен.
 
2014 жылы қазақ тілі «Жаңа өрмекші-адам: Кернеген қуат» фильмінің кейіпкерлері сөйлеген ағылшын, француз, испан, неміс, португалия және орыс тілдерінен кейінгі әлем бойынша жетінші тілі болды. Алғашқы «Жаңа өрмекші адам» фильмінің әлемдік кассалық жиналымы өз бюджетінен үш есеге асып түскен еді. Қазіргі «Жаңа өрмекші-адам: Кернеген қуат» фильмінің бюджеті 200 миллион доллар, ал ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған дубляж құны - 80 мың доллар.
 
Осымен төртінші жыл қатарынан «Алтын қыран» қайырымдылық қоры  фильмдерді қазақ тіліне аудару бойынша қаржылық қолдау көрсетуде. Бұл үкіметтік емес ұйымдар мен бизнестің отбасымен бірге тамашалауға арналған қазақ тіліндегі контентті жасаудағы ықпалдастығының үздік үлгісі болып табылады.

Хабарламаларға жазылу