Талдықорғанда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында 75 келіден жоғары салмақта Олимпиада және Азия ойындарының қола жүлдегері Мария Грабовецкая айқын жеңіске жетті.
Грабовецкая екі сайыс қорытындысы бойынша 267 келі (серпе көтеру -121келі, жұлқа көтеру - 146 келі) көтерді. Екінші орында - 180 келіні (80+100) бағындырған Айзада Муптильда. Гүлназ Шәмиева 150 келі (70+80) көтеріп, үштікке ілінді.
Сонымен қатар, жарыстың үшінші күні әйелдер арасынан тағы екі салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынды. 69 келіде Карина Горичева ел чемпионы атанса, Жазира Жапарқұл «күміс», Гүлназ Наурызова «қола» алды. Ал 75 келіге дейін салмақта Елена Парфентьева жеңіске жетті. Жүлделі орындарды Раушан Мешітханова мен Валерия Дежнина бөлісті.