Мәскеуде өткен жартылай финалда «Памяти Карузо» композициясы және өзінің «Жанымдасың» атты әнімен шыққан Әлішер Кәрімов келесі кезеңге өтті. Енді әнші 2014 жылдың 22-27 шілде аралығында Юрмалада өтетін «Жаңа толқын» байқауының қорытынды кезеңіне дайындалуда.
Айта кету керек, Әлішер Кәрімов - «SuperStarKZ» байқауының финалисі, «Славянский базар» фестивалінің үшінші орын иегері, сондай-ақ, «Ереван зовет» конкурсының үшінші орын иегері.
«Жаңа толқын» байқауында Қазақстан атынан қатысу құқығына биыл «Juniors», «V-Alem» топтары, «Хочу в ВИА Гру» шоуының қатысушысы Анастасия Россошанская және әнші Зайнаб таласқан еді.
Еске сала кетейік, 2013 жылы Қазақстан атынан «Жаңа толқын» байқауына жас әнші ADAM қатысып, бесінші орын алған болатын.