«Қазақстан» РТРК» АҚ шығармашылық ұжымы жеңімпаз атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ шығармашылық ұжымы жеңімпаз атанды

11.04.2014
«Қазақстан» РТРК» АҚ шығармашылық ұжымы жеңімпаз атанды
Еуропалық одақтың «Қазақстан Үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау және модернизациялау» жобасы 2013 жылдың мамыр айында еліміздің мемлекеттік қызмет саласы жөніндегі үздік жарияланым бойынша шығармашылық конкурс жариялаған болатын.
 
Конкурстың мақсаты - мемлекеттік қызметті реформалау ісіне үлес қосқан үздік авторлар мен ұжымдарға қолдау көрсету.
 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға журналистерден барлығы 60-қа жуық материал келіп түскен. Сонымен бірге мемлекеттік қызмет реформалары мәселелерінің БАҚ-та жариялануы бойынша мониторинг жүргізілген.
 
Сарапшылар құрамына Еуропалық одақ жобасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері кірді.
 
Қазылардың таңдауы бойынша аталған байқауда «Қазақстан» РТРК» АҚ шығармашылық ұжымы жеңімпаз деп танылды.
 
Конкурста үздік шыққандарға оқу сапары шеңберінде мемлекеттік қызмет саласындағы еуропалық тәжірибемен танысу мүмкіндігі берілді.
 

Хабарламаларға жазылу