Астанада Ұлттық Инвесторлар кеңесінің отырысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Ұлттық Инвесторлар кеңесінің отырысы өтеді

11.04.2014
Бүгін, 11 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ұлттық Инвесторлар кеңесінің отырысы өтеді.
 
Отырыста отандық кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері талқыланады деп жоспарланған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
 
Айта кетейік, Кәсіпкерлер кеңесі Қазақстанның Ұлттық Инвесторлар кеңесі болып құрылды. Кеңестің жұмыс органы болып Өңірлік даму министрлігі айқындалды.

Хабарламаларға жазылу