Бүгін түнгі 00 сағат 17 минутта Астана қаласындағы «Әсем» сауда үйінің төбе жабыны мен ғимараттың екінші қабатында орналасқан «Антошка» дәмханасының тоңазытқыш құрылғысы өртенді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Оны сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен 18 маманы жұмылдырылып, өрт жарты сағатта сөндірілді. 10 шаршы метр аумақ отқа оранды.
Зардап шеккендер жайлы ақпарат болған жоқ, деп хабарлады баспасөз қызметі.