ФИФА: Қазақстан Ұлттық құрамасы тоғыз саты жоғарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ФИФА: Қазақстан Ұлттық құрамасы тоғыз саты жоғарылады

11.04.2014
ФИФА: Қазақстан Ұлттық құрамасы тоғыз саты жоғарылады
Футболдан ФИФА рейтінгінде Қазақстан Ұлттық құрамасы тоғыз саты жоғарылап, 118-орынға жайғасты, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.
 
«Бұл - Ұлттық құрамамыздың соңғы бес жылдағы ең үздік көрсеткіші», - делінген хабарламада.
 
ФИФА-ның 13 наурызда жарияланған рейтінгінде Қазақстан Ұлттық құрамасында 213 ұпай болған. Ал 10 сәуірде жарияланған тізім бойынша, 235 ұпайды иеленген.
 
ТМД елдері бойынша, Тәжікстан 133-орында, Қырғыз Республикасы 147-орында, Түркіменстан 156-орында.
 

Ал көш басында - Испания (1460 ұпай), Германия (1340) және Португалия (1245) құрамалары.

Хабарламаларға жазылу