Ақтөбеде жолақы 60 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жолақы 60 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

11.04.2014
Ақтөбеде жолақы 60 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Ақтөбеде жолақы 60 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды tengrinews.kz.

«Автопарк» ЖШС компаниясының басшысы Қуаныш Боранбаевтың хабарлауы бойынша, жол ақысының қымбаттауы туралы өтініш қалалық әкімдікте қаралуда. Егер өтініш бекітілсе, қала тұрғындарына жолақыға 60 теңге төлеуге тура келеді.

Негізі «ГАЗель» және «Hyundai» маркалы көліктерде жолақы 55 теңгені құрайды, ал үлкен автобустарда 45 теңге. Енді жеке компания осы соманың біртұтас болуын ұсынып отыр. Алайда Отан соғысының ардагерлеріне, зейнеткерлерге, I, II және III топтағы мүгедек жандарға тегін жүру жеңілдіктері қарастырылған.

Хабарламаларға жазылу