«Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ішкі ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізді.
«Бұған басты себеп - еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі. Халықаралық органға мүшелік етуіміз - бизнес саласында жаңа бастамаларға серпін береді», дейді одақ төрағасы Мейрам Пішембаев.
Сондай-ақ, жиналыс барысында ірі машина жасау кәсіпорындарының айналасында шағын және орта бизнесті дамыту жоспары талқыланды. Үйлестіру және бақылау кеңестерінің, басқарма және ревизиялық комиссияның құрамы анықталды.
Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ