24 сәуірден бастап, «Жаңа Өрмекші адам: Кернеген қуат» деген атаумен жаңа блокбастер 3D форматында прокатқа шығады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Фильм әлемнің жеті тіліне аударылған. Картинадағы кейіпкерлердің дауысын қазақ тілінде дыбыстаған актерлердің сынағы ақпан айында Алматыда өтті. Оларды Қазақстанға арнайы келген «Sony Pictures» компаниясының дубляж мамандары бекітті.
Фильмдегі бас кейіпкер Питер Паркердің дауысын театр және кино актеры Мерей Әжібеков, Гвен Стейсиді Әлима Қайырбекова, Максвелл Диллонды Азамат Қанапия дыбыстады.
Қазақша дубляждың режиссері - Әйгерим Оңалбек. Ол бұған дейін «А»-ға оралу», «Жүрегім менің - Астана» және «Қара киімділер-3» картиналарымен жұмыс істеген.