Алматы қалалық онкологиялық орталығында сүт безі және жатыр мойны ісігімен ауыратын науқастарды Түркиядан келген мамандар қарауда.
Кеше орталықта Түркияның «Аджибадем» медициналық тобының мамандары - онколог-гинеколог, доцент Серкан Эрканлы мен хирург-маммолог, профессор Мелих Паксой науқастарды тегін қабылдады. Олардың айтуынша, мұндай шара өзара тәжірибе және білім алмасуға ықпал етпек.
«Біздің Қазақстанға келгендегі мақсатымыз - өзге елдің онкологиялық бағыттағы тәжірибесімен, заманауи медициналық әдіс-тәсілдерімен танысу. Менің ойымша, бұл шара Қазақстандағы онкологиялық науқастардың санын азайтып, ауруды алдын-ала анықтауда өз нәтижесін береді», - деді Серкан Эрканлы.