Атырау облысы: Ата-аналар балаларын туберкулезге қарсы ектіруден бас тартуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысы: Ата-аналар балаларын туберкулезге қарсы ектіруден бас тартуда

27.03.2014
Атырау облысы: Ата-аналар балаларын туберкулезге қарсы ектіруден бас тартуда
 
Атырауда діни ұстанымды желеу етіп, балаларын туберкулезге қарсы ектіруден бас тартқан ата-аналар саны артып келеді.
 
«Облыс бойынша  барлығы шамамен мың отбасы балаларын тулберкулезге қарсы ектіруден бас тартты. Олардың басым көпшілігі - 90 пайызғы жуығы - оны діни себептермен түсіндірді», - деп хабарлады баспасөз мәслихатында облыстық Туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Жаңабай Сағиев.
 
Сонымен бірге,  облыста соңғы жылдары тұтастай алғанда балалардың туберкулезге шалдығуы азайып келе жатқанымен, көрсеткіш әлі де қуантарлықтай емес екенін атап өткен жөн.
Мысалы,  2012 жылы туберкулезге шалдыққандар саны -  560 адам болса, ал өткен жылы – 509 адамды құраған. Олардың арасында жаңадан туған сәбилер де бар.  
 
Өткен жылы Павлодар облысында 150 ата-ана балаларына екпе салғызудан бас тартқаны хабарланған еді.

Хабарламаларға жазылу