Бүгін Түркияда Анкара әкімшілік сотының қаулысымен Twitter шағын блогының интернет-сервисіне қойылған шектеу алынды. Осылайша, Түркия адвокаттарының 20 наурыз күні ресурстарға шектеу қойылғаннан кейін бірден берген шағымдары қанағаттандырылды.
«Twitter-ге кіруге шектеу қою - құқықтық мектеп принциптеріне қарама-қайшы», - делінген ИТАР-ТАСС сілтеме жасаған сот шешімінде.
Айта кетейік, Түркия премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоган 20 наурыз күні Әділеттік және даму партиясының сайлауалды митингісінде Түркияда барлық әлеуметтік желілер, оның ішінде Twitter жабылатынын мәлімдеген болатын. Ал бұған халықаралық қауымдастықтың қалай қарайтыны үкіметті толғандырмайды деп атап өткен еді.
Сол күні түнде BTK түрік телекоммуникациялық реттеушісі Twitter-ді мүлдем жауып тастаған еді.