Ерлан Хаиров: Инвестициялық тартымдылыққа салықтық жеңілдіктер жасау арқылы қол жеткіздік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Хаиров: Инвестициялық тартымдылыққа салықтық жеңілдіктер жасау арқылы қол жеткіздік

23.06.2015
Ерлан Хаиров: Инвестициялық тартымдылыққа салықтық жеңілдіктер жасау арқылы қол жеткіздік

Шетелдік инвесторлар инвестиция құюға ең лайық сала өңдеуші сектор деп санайды. Сырт елдің кәсіпкерлері қаржыларын Қазақстанның дайын өнім шығаратын саласына құйған.

Мұндай мәліметтерді Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты Инвестиция комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров жеткізді.

Комитет басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұл жетістікке бизнес-климатты жақсарту, салықтық жеңілдіктер жасау арқылы қол жеткізілгенін айтады.  

Соңғы 10 жылда елімізге 208 миллиард доллар инвестиция тартылған. Оның 74 пайызы осы өңдеуші салаға тиеселі. 

Ерлан Хаиров,  ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы

Алдыңғы жылы әлемдік нарықта кішігірім кідіріс болып, шетелдік инвестиция тарту әлем бойынша 8 пайызға, ал, дамыған елдерде 50 пайызға қысқарған еді. Бірақ, Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі өзгерген жоқ. Соңғы бес жылда біздің елге жыл сайын шетелдік кәсіпкерлерден 50 миллиард доллар инвестиция тартылуда. Ал, 100 жыл ішінде 208 миллиард доллар қаражат тартқан екенбіз. Қазақстанның экономикасына инвестиция құйып отырған елдер - АҚШ, Швейцария, Қытай және Франция. 

 

Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу