Наурыз айының ауа райы, әдетте тұрақсыз. Мереке күндерінде де Қазақстан аумағанда оңтүстіктен ескен жылы ауа мен солтүстіктен соққан суық ауаларының «қақтығысы» салдарынан көптеген облыста күн бұлыңғыр, ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Тек шығыс аймақтар жауын-шашынсыз болады. Солтүстік аймақтарда, қарлы жаңбыр күтілуде, көктайғақ, желдің екпіні 17-22 м/с дейін болады деп болжануда.
Күн жылынып, жауын-шашынның молаюына байланысты, қар көшкіні қаупі бар. Сонымен қатар, ауа райының температурасы нормалық деңгейден 5-10º жоғары болуы сақталады.