Жеті ырыс деген не? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеті ырыс деген не?

22.03.2014
Жеті ырыс деген не?
Қазақ «Жеті ырысқа» алдымен адамның ақылын, ой-санасын жатқызды. Өйткені, адамзат ақылы арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп ерекшеленеді, әрі дүниенің қожасы болды. Екінші ырыс -денсаулық, яғни дененің саулығы.
 
Үшіншісі - ақ жаулық, яғни үйдегі әйел — ердің жары, балалардың анасы. Халқымыз ежелден «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды», деп әйелді ерекше қастерлеген.
 
Төртінші ырыс - бала. Бала — адам өмірінің жалғасы, қуанышы болса, бесіншісі ырысты көңіл деп білген. Себебі, көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ пен береке орнайды.
 
Алтыншы ырыс - жер. «Жерсіз — ел тұл, ерсіз — жер тұл» деген нақылды да қазақ бекер айтпаса керек. Жетінші ырыс - ит. Ол әуел бастан-ақ адамға сенімді серік болған.
 
Бүгін 09.55, 11.00 және 12.30-да  «Жеті ырыс» жобасын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу