Мишель Обама алғаш рет Қытайға сапарламақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мишель Обама алғаш рет Қытайға сапарламақ

20.03.2014
Мишель Обама алғаш рет Қытайға сапарламақ
АҚШ Президентінің жұбайы Мишель Обама бүгін Қытайға бейресми сапарын бастайды. Бұл елде АҚШ-тың бірінші ханымы 20-26 наурыз аралығында болмақ. Мишель Обамамен бірге екі қызы Малия мен Саша және анасы Мариан Робинсон барады.

Ол Қытай Халық Республикасы төрағасының жұбайы Пэн Лиюаньмен кездеседі деп күтілуде. АҚШ-тың бірінші ханымының бұл сапары «екі ел жастарының білім алу маңыздылығына» арналмақ.

Обаманың отбасы Бейжің, Чэнду және Сианьды аралайды деп жоспарлануда.

Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Мишель Обаманың Қытайға сапары ірі мемлекеттер арасындағы Қытай-Америка қарым-қатынасының жаңа үлгісін қалыптастырып, дамытуға себеп болады.

Хабарламаларға жазылу