«Шалқар» ұлттық арнасының ұжымы жеңіс тұғырынан көрінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шалқар» ұлттық арнасының ұжымы жеңіс тұғырынан көрінді

19.03.2014
«Шалқар» ұлттық арнасының ұжымы жеңіс тұғырынан көрінді
Бүгін Астанада студенттер мен журналистер арасында «Асығың алшысынан түссін»   атты республикалық ұлттық ойындар спартакиадасы өтті.
 
Доданы ұйымдастырушы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ және «Абырой» қазақ тілі мен мәдениетін дамыту корпоративтік қоры.
 
Мақсат – ұмыт болып бара жатқан қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау.
 
Спартакиадаға  қатысушылар ұлттық спорт түрлері ләңгі, асық ойыны, жамбы ату, қазақ күресі, арқан тарту және тоғызқұмалақ жарысы бойынша бақ сынасты.
 
Барлығы 8 команда қатысқан жарыста «Шалқар» ұлттық арнасының ұжымы ІІІ орын, «Қазақстан» РТРК» АҚ Интернет жобалар бөлімінің жігіттері IV орынға ие болды. Жүлдегерлерге Алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Хабарламаларға жазылу