«Мейірім бер, мейірім бер...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мейірім бер, мейірім бер...»

19.03.2014
«Мейірім бер, мейірім бер...»

«Мейірім бер, мейірім бер,

Жүрегімді тас қылма,
Үйдегі ана мейірін бер,
Түзде жортқан қасқырға.
Сенесің бе, сезесің бе,
Сенің үшін бас құрбан
Естілмеген әніңмін мен
Алты қырдың астынан,
Бір нәрсемді жоғалттым мен
Бір нәрсемді ұрлаттым,
Соны іздедім,
Айдын көлдің аққуларын шулаттым,
Барсакелмес сапарына түстім қашып,
Түн қаттым.
Мейірім бер, мейірім бер,
Саған келдім, қымбаттым»
 
«Кісінің көзіне көзің түссе, мейірімі түседі», дейді халық даналығы. «Мейірім, ынсап, ақ пейіл осы қасиеттер кімнің бойында болса, сол шын адам болады», деген Шәкәрім бабамыздың сөзі де баршамызды ізгілікке бастайды.
 
Қоғамда мейірімге шөлдеген адамдар қаншама. Оларға жәрдем беріп, көмек көрсету – баршамыздың ортақ парызымыз.
 
Осы орайда мейірімді ту еткен Ұлттық телеарнаның «Жан жылуы» бағдарламасы көптен бері мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетумен келеді.
 
Бүгінде бағдарламаның эфирге шыққанына - 5 жыл. Осы бағдарламаның арқасында 20 бала ата-анасын тапты. 13 бала шетелде ем алып, толықтай сауықты. Үйсіз жүрген 8 отбасы баспанаға қол жеткізді.
 
Бағдарлама алдағы уақытта да талай адамның жанына жылу сыйлай бермек.

Хабарламаларға жазылу