Астанада 18 сәуірде Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезекті жиырма бірінші сессиясы өтеді. Бұл туралы тиісті Өкімге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.
Сессияның күн тәртібіне «Қазақстан-2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбы ұсынылып отыр.