Қаржы полициясы қызметкерлері Астана қаласы бойынша Ветеринарлық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Н. Жақыпбаевты ұстады, деп хабарлайды, Қаржы полициясының баспасөз қызметі.
Оған 2012 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы лауазымын атқарған кезінде Шығыс Қазақстан облысының үш ауылында бірнұсқалы модульдік аудандық ветеринариялық лабораториялардың құрылысы бойынша атқарылған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойған деген айып тағылуда.
Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 83 миллион теңгеден асты.
Жақыпбаевқа қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану және қызметтік жалғандық жасау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалып, жасына және денсаулық жағдайына байланысты кепілпұл түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Бүгінгі күні оның басқа да сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауға қатыстылығы тексерілуде.