Автокөліктің қауіпсіздігі әрі ұзақ жүруі үшін оны техникалық бақылаудан өткізіп тұрған абзал. Жаңа күйінде алынған жүргізілгеніне 3 жыл толмаған көлік 36 айда бір рет техникалық бақылаудан өткізілуі керек.
Пайдаланылғанына 3 немесе 7 жыл болса, 24 айда бір рет тексеріледі. Ал егер 7 жылдан асса, онда көлікті әр жыл сайын тексеріп тұрған жөн.
Техникалық бақылау орталығына барған кезде қажет болатын құжаттар: техникалық құжат, көлік салығын төлегені туралы түбіртек.
Небәрі 20 минут уақытты алатын шара көлік жүргізуші үшін де, қоршаған орта үшін де өте маңызды.
Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.