Алматы әуежайынан ұшпақ болған Қытай азаматынан 300-ге тарта Қазақстан төлқұжатының бланкісі тәркіленді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстан Республикасының ұлттық төлқұжаттарының бланкісі Алматы-Гонконг бағытындағы екі жолаушының жүктерін ресімдеу кезінде табылған.
Гонконг тұрғындарының сөмкесінен төлқұжаттың 291 данасы шыққан. Оның ішінде 250 төлқұжаттың мұқабасы көк түсті, 40 төлқұжаттың мұқабасы қою қызыл түсті болған. Ал біреуіне фотосурет жапсырылып, мәліметтер жазылған.
Сонымен қатар, құжаттарды дайындауға қолданылатын голографиялық ленталардың орамы да табылған. Бұл дерекке қатысты материалдар Қылмыстық Кодекстің 158-ші бабы басшылыққа алына отырып, Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне жіберілген.