Қазақстан тауары көрші елдер нарығында бәсекеге қабілетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан тауары көрші елдер нарығында бәсекеге қабілетті

18.06.2015
Қазақстан тауары көрші елдер нарығында бәсекеге қабілетті
Азық-түлік өндіретін Ресейдің белгілі компаниялары Қазақстанда жасалған орамаларды өз өнімдерін қаптау үшін пайдалана бастады.

Себебі, біздің отандық тауардың сапасы жақсы, бағасы арзан болғандықтан, көрші елдің нарығында бәсекеге қабілетті.

Бұл туралы Мәскеу қаласында өтіп жатқан қаптап-орауға арналған өнімдердің көрмесінде айтылды.

Әлемнің 30 мемлекетінен 500 компания келген бұл ауқымды шараға елімізден бес кәсіпорын қатысып жатыр. Олар көпшілік назарына полиэтилен қаптар, қағаз орамалар мен түрлі қораптарды ұсынуда.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

 

 

 

                  

Хабарламаларға жазылу