Жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

17.03.2014
Жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
Республикалық жолдарда жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.
 
Бұл шектеу 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қолданылады.
 
Осындай шектеу Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған ауданы), Қызылорда және Маңғыстау облыстарында 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында енгізіледі.

Хабарламаларға жазылу