«Boeing 777-200» пилотының үйіне тінту жүргізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Boeing 777-200» пилотының үйіне тінту жүргізілді

16.03.2014
«Boeing 777-200» пилотының үйіне тінту жүргізілді
Куала-Лумпурдан Пекинге бағыт алған малайзиялық ұшақтың пилоты 27 жастағы Фарида Абдул Гамидтің үйіне тінту жұмыстары жүргізілді.
 
«Жоғалып кеткен Boeing 777-200 ұшағы жерүсті радарларымен хабарласу құрылғылары сөндірілгеннен кейін 7 сағат бойы ұшуын жалғастырған. Бұл экипаж мүшелері  ерікті түрде  әлде біреулердің басқаруымен байланыс құралдарын ажыратқан деген болжамға әкеледі», - деді  сенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Малайзия премьер-министрі Нажиб Разак.
 
Қазір істі полиция тергеуде. Тексеру жұмыстары Үнді мұхитында, көптеген елдің аумағында жүргізілуде.
 
Айта кетейік, наурыздың 8-і күні бортында 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі бар малайзиялық лайнер ұшып шыққаннан кейін бір сағат өткеннен кейін радар экранынан жоғалып кетті.

Хабарламаларға жазылу