Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, жел күшейеді, кей аудандарда бұрқасын болып, тұман түседі, көктайғақ болды. Республиканың шығысында ғана ауа райы ашық болады. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, кей аудандарда бұрқасын, көктайғақ болады. Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола облысының кей аудандарында бұрқасын, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Ақмола облысының кей аудандарында бұрқасын, көктайғақ, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Жамбыл, Алматы облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей аудандарында тұман түсіп, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Павлодар облысында кей жерлерде көктайғақ болады, түнде кей аудандарда желдің екпіні 17-22 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей аудандарда жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде Қарағанды облысында кей жерлерде бұрқасынды желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшеймек.
Таяудағы үш тәуліктің ішінде Сырдария өзенінде, Алматы және Жамбыл облыстарының өзендерінде және Жайықтың еңістерінде мұз қабаты жұқара түседі. Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында су деңгейінің көтерілуі күтіледі. 15-16 наурызда ауа температурасының жоғарылауына және жауын-шашынның салдарынан Алматы облысының таулы аймағындағы өзендер және Шығыс Қазақстан облысының өзендері тасуы мүмкін.