Үндістанда екі басты бала дүинеге келді. 28 жастағы жас ана құрсағында сиам егіздерін көтеріп жүргенін білмеген. Қаражат болмағандықтан, ұрықтың бастапқы даму сатысында ультрадыбысты бақылау жасатуға мүмкіндіктері болмаған, деп хабарлайды The Daily Mail.
Кесір тілігі арқылы дүниеге келген қыз баланың екі басы, екі мойны бар, ал денесі біреу. Шақалақ жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер оның тірі қалуы екіталай деп отыр. Қыздың басы екеу, денесі бір болғандықтан, оны ажырату бойынша ота жасай алмайды.