Үндістанның астанасы Делиде полиция қала тұрғындарының жемқорлыққа қатысты түсірген 667 шағымын 8 жыл бойы қарамаған. Тәртіп сақшылары арыз-шағымдар тіркелетін жемқорлыққа қарсы сайттың құпиясөзін естеріне түсіре алмаған.
Азаматтардың шағымдар ұзақ уақыт жауапсыз қалғаны жөнінде Орталық бақылау комиссиясының (Central Vigilance Commission – CVC) хабарламасынан кейін белгілі болды.
Бұл мекеме порталға келіп түсетін азаматтардың шағымдарының жүктемесін қадағалап отыруға жауапты. Сонымен қатар, хаттарды әртүрлі департаментке бөліп отырады.
Орталық бақылау комиссиясын полиция қызметкерлерінің 8 жыл бойы шағымдарға жауап қайтармауы таңдандырған. Мекеме өкілдері түсініктеме алу үшін жауапты тәртіп сақшыларын шақырған. Олар сайттың құпиясөзін ұмытып қалғандықтан шағымдарға жауап бере алмағанын мәлімдеген. Тіпті, құпиясөзді қайта қалыпқа келтіруге де әрекет етпеген.
Кейін полиция қызметкерлері «техникалық ақау» жойылып, құқық қорғау органдары өкілдерінің шағымдарды қарауға кіріскенін хабарлады.