Шұғыла Сапарғалиқызы: Бір биді сахнаға алып шығуға бір жыл кетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шұғыла Сапарғалиқызы: Бір биді сахнаға алып шығуға бір жыл кетеді

14.03.2014
Шұғыла Сапарғалиқызы: Бір биді сахнаға алып шығуға бір жыл кетеді

Қазақтың ұлттық биін насихаттап жүрген Шұғыла Сапарғалиқызы талантты жастарды ән-би өнеріне баулитын арнайы орталық ашты.

 
«Менің негізгі мақсатым – кәсіби ән, бимен айналысатын жастарды тарту. Бізде талантты жастар көп. Бірақ, көбісінен үлкен сахнаға шығуға мүмкіндіктері бола бермейді. Келешекте оларды үлкен концерттерге алып шығып, шеберліктерін ары қарай шыңдау»,-дейді биші.
 
«Бір биді сахнаға алып шығуыма көп уақыт кетеді. Бір жыл немесе екі жыл уақытты бір биге арнаймын. Бірер аптада бидің қаңқасын жасауға болады. Бірақ, онда бидің бояуын бере алмайсыз».
 
Расында да бишінің «Үкілі ару», «»Тотықұс, «Тауыс», «Бөрте», «Ай нұры» секілді билері өміршеңдігін жоғалтпайды. Шұғыланы дүйім жұрттың жадында қалдырған да осы билер.
 
Шұғыла Сапарғалиқызы еңсені тік ұстап, әдемі жүрудің сыры туралы бірнеше кеңес ұсынады. «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу