Қазақстан Таиланд елінің туризм саласындағы тәжірибесін қолдануға мүдделі. Өйткені, тұмса табиғаты бар біздің ел туризм кластерін дамытуға қолайлы.
Бүгін Алматыда Қазақстан-Таиланд бизнес-форумы өтті.
Кеңеске Тайланд елінен 14 компания өкілдері келді. Олар Қазақстанның инвестиция салуға қолайлы екенін ескерген. Сондықтан, ауылшарушылық салаларына инвестор болуға ынталы.
Мұнымен бірге, бизнесмендер өздерінің сапалы тауарларын көрсетіп, бірге жұмыс істеуге шақырды.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ