Қазақстанда тұңғыш рет кәсіби заңгерлер арасындағы байқау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда тұңғыш рет кәсіби заңгерлер арасындағы байқау басталды

13.03.2014
Қазақстанда тұңғыш рет кәсіби заңгерлер арасындағы байқау басталды
Қазақстанда тұңғыш рет кәсіби заңгерлер арасындағы байқау басталды. Байқау тақырыбы: «Қазақстанның заң саласындағы өзгертуге тиіс мәселелер және оның әкелетін пайдасы».
 
Ұйымдастырушы: Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева және zakon.kz порталы. Үздік ұсыныстар Парламентте қаралатын болады.
 
Мақсат – ел болашағына бей-жай қарамайтын, мәселелердің тиімді  шешілу жолын ұсынушы  таланттарға қолдау көрсету.
 
Байқау 2014 жылдың 11-наурызынан  11 мамырына дейін жалғасады.
 
Бас жүлде – 1,5 миллион теңге;
 
ІІ орын - 1 миллион;
 
ІІІ орынға - 700 000 мың теңге беріледі.
 
Сондай-ақ, қосымша үш тақырыптық номинация бойынша жүлдегерлер анықталады:
 
І Елдің әлеуметтік-мәдени дамуын заңдық тұрғыда реттеу;
ІІ Азаматтық құқық бойынша үздік жұмыс;
ІІІ Ақпараттық құқық бойынша үздік жұмыс.
 
Байқауға экономика және заң саласында қызмет ететін тұлғалар, осы салалар бойынша білім алып жатқан жоғары оқу орнының студенттері, сондай-ақ, аталмыш салаларға қатысты арнайы курстан өткендер қатыса алады.
 
Марапаттау рәсімі 2014 жылдың маусым айында Астана қаласында өтеді.

Хабарламаларға жазылу