«Жалпы, футболдың дамуы аула аяқдобынан басталады деп жатады. Біз әуелде 4 командамен бастағанбыз. Қазіргі таңда 60 командамыз бар. 2011 жылы Еуропа құрамына кірдік. Қазақстан бойынша рейтингте 9-шы орында тұрмыз»,-дейді «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болған Қазақстандық әуесқой футбол лигасының президенті Ерлан Еркінбекұлы.
«Әуесқой командалар арасында Еуропа чемпионатын Қазақстанда өткізу жоспарда бар. Осыдан бір ай бұрын Польшаға бардым. Онда Германия, Италия, Израильдің өкілдеріне Қазақстанды таныстырдым. Олар Қазақстанды жазық дала деп ойлайды. Біз елді таныстыру жобасын көрсеткенде, қатты таңғалды. Чемпионатты біздің елде өткізуге олар үшін жердің шалғайлығы кедергі. Осы мәселе бойынша, біз Үкіметке де, ірі мекемелерге де хат жаздық. Себебі, бұл дода Қазақстанды танытуға берілген жақсы мүмкіндік. 32 мемлекеттен командалар келеді. Бұрын-соңды мұндай жарыс Қазақстанда болмаған. 2015 немесе 2016 жылы чемпионатты өткіземіз бе деген үміт бар».