Жоғалған Boeing-ке жалған құжатпен мінген жолаушылар лаңкес емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғалған Boeing-ке жалған құжатпен мінген жолаушылар лаңкес емес

11.03.2014
Жоғалған Boeing-ке жалған құжатпен мінген жолаушылар лаңкес емес
Осыдан бірер күн бұрын жоғалып кеткен «Boeing-777» ұшағына жалған құжатпен мінген жолаушылардың лаңкес болуы мүмкін деген күдік расталмады.
Лаңкес емес, қашқын болып шықты.
 
«BBC Persian»-ның хабарлауынша, лайнерге ұрланған құжатпен енген жолаушылардың екі ер-азамат екені анықталды. Олар Австрия және Италия азаматтарының  ұрланған құжаттармен мінгені белгілі болды.
 
Куала-Лумпурдан оларға бұл құжаттарды сатқан адам да табылған. Ол сатып алушылар өзінің бала кездегі достары Иран азаматтары екенін айтқан. Құжаттар оларға Пекин арқылы Амстердамға билет ату үшін қажет болған.
 
Құжат сатқан сатушы қашқындардың бірі анасы тұратын Франкфуртқа бармақ болған, ал екіншісінің соңғы аялдамасы Дания болуы керек еді.
 
Ұшақ осымен төртінші күн іздестіріліп жатыр. Әзірге, ештеңе табыла қойған жоқ.

Хабарламаларға жазылу